Қазақша Русский
Жаңалықтар
Аудан туралы
Аудан әкімі аппараты
Ауданның экономикалық дамуы
Ауданның даму жоспары
Ауыл шаруашылығы
"Қазақстан-2050" стратегиясы
Аудандық мәслихат
Әлеуметтік сала
Аудандағы қылмыстық жағдай
Ауылдық округтер
Дербес бөлімдер
Сурет галереясы
Сұрақ-Жауап
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік қызмет көрсету
Стратегиялық жоспар
Дипломмен ауылға!
Мемлекеттік қызмет
Халықпен жұмыс
Нормативтік-құқықтық актілер
Анықтама
Кезекте тұрғандар тізімі
Есептік кездесулер
Вакансиялар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
Кәсіби емес медиаторлар тізім
Мүлікті жария ету
Аудандық қоғамдық кеңес
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама

Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер

рисунок
 
https://expo2017astana.com/kz/
 
http://otautv.kz/
 
http://kazteleradio.kz/
 
рисунок

http://business.gov.kz/kz


http://nurotan.kz

http://anticorruption.gov.kz/kaz/index.php

рисунок

рисунок

рисунок


e.gov.kz

Рейтинг@Mail.ru
Құрметті достар!
рисунокСіздерді Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында шынайы көңілден құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.
«Қазақстан – 2030» даму Стратегиясының қабылдануы елде нарықтық экономиканың қалыптасуын, демократиялық бағыттағы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің құрылғанын, оның ішкі тұрақтылығын анықтап берді. Осының нәтижесінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде айқындала түсті.
«Қазақстан – 2030» Стратегиясының Ережелері Елбасының Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті ең дамыған елу елінің қатарына ену стратегиясы мен «Жаңа Қазақстан – жаңа әлемде» Жолдауында өз жалғасын тапты.
Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.
Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір. Толығымен оқу

Аудан әкімдігінің ресми Whatsapp мессенджері

рисунокТұрғындармен жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 7 желтоқсанынан бастап Ақжайық ауданы әкімдігінің ресми Whatsapp мессенджерінің байланыс желісі іске қосылды.

- Аталған ресми +77714068227 байланыс нөміріндегі Whatsapp мессенджері арқылы аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақ-сауалдарды, жергілікті аумақтың өзекті мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерді, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға зиян келтіретін іс-әрекеттер негізінде орын алған заң бұзушылықтар, ауыл тазалығына қатысты тиісті талаптардың орындалмауы, сондай-ақ басқа күрделі мәселелер бойынша хабарлама, фотосурет және видео түрінде жібере алады,-дейді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Бауыржан Бақтыгерей.

Осы байланыс арқылы жеке мәселелер бойынша да тұрғындар аудан әкімінің тікелей қабылдауына алдын-ала жазылуына болады. Байланыс желісінің жұмыс тәртібі әр аптаның дүйсенбі және жұма күндері аралығында сағат 08:30-дан 18:30-ға дейін. Жұмыс уақытынан тыс және демалыс күндері де түскен әрбір ұсыныс-пікірлер, арыз-өтініштер қараусыз қалмайды. 


Құрметті  кәсіпкер ағайындар!

Сіздерді  қазақтың  қайсар  ақыны  Жұбан  Молдағалиевтың  кіндік  қаны  тамған  Батыс Қазақстан облысының  Ақжайық ауданына келіп,  шағын  және орта бизнес саласын  дамытуға үлес  қосуға шақырамыз.

Аумағы  25,7 мың  шаршы  шақырым, құрамындағы 52 елді мекенде 42318  тұрғыны  бар Ақжайық ауданы облысымыздың  оңтүстігінде орналасқан  ірі аудандардың бірі.  Аудан орталығы  Орал қаласынан 125 шақырым  қашықтықта  орналасқан  Чапаев  ауылы.

Ауданымыз облыстағы 12  ауданның  жетеуімен және Атырау облыстарының  аудандарымен шектеседі.

Облыстағы  үлкен үш  су  қоймасының үшеуі  де  біздің ауданымыздың  аумағында  орналасқан.  Сонымен  қатар  аудан  аумағынан  4  магистралды канал өтеді.

Көпшілік  елді  мекендер  табиғи  газбен  және  таза  ауыз  сумен  қамтылған.

Аудан бойынша 1681 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген /110 заңды тұлғалар, 867 жеке кәсіпкерлер және 704 шаруа қожалықтар/.

Негізінен  мал шаруашылығымен  айналысатын ауданымызда 2014 жылдың 1 қантарына   61 808  бас  мүйізді  ірі  қара,  176 568 бас қой - ешкі, 18 318 бас жылқы, 277 бас түйе малдары тіркелді.

Бұған  қоса көршілес  орналасқан  аудандарда  200  мыңға  жуық ірі  қара,  500 мыңға  тарта қой - ешкі, 46 мың  жылқы  малдары  бар.

Ауданымызда  тәулігіне қойдың 1200  бас  еркек  марқа  тоқтысын  соятын ет  комбинаты  салынуда.

Аудан  орталығының  республикалық  маңызы  бар  Орал - Атырау  және  Ресей  Федерациясының  Астрахань, Волгоград, Саратов  облыстарына  автомобиль  жолдарымен  шығуға мүмкіндік  беретін  Чапаев - Казталовка  және Чапаев  - Сайхын тас  жолдарының   бойында  орналасуы шағын  және орта  бизнесті  дамытуға  үлкен  логистикалық  жағдай  туғызады.

Орал қаласы арқылы  Ресейдің  Самара, Орынбор қалаларына  еш қиындықсыз  жетуге болады.

Сондай ақ  аудан аумағынан Еуразия материгін  Еуропалық және Азиялық  бөлікке  жарып  ағатын  Жайық  өзенінің өтуі де  - басқа аудандардан ерекшелеп тұратын жағдайлардың бірі.

Қазіргі  кезде  Жайық  өзені  арқылы  автокөпір  салуға  құжаттар жасақталуда. Бұл болашақта  Самара  - Шымкент   трассасы  арқылы  Ақтөбе,  Ресейдің  Волгоград  қаласына, одан  әрі Батыс Еуропа -Батыс Қытай бағытына   шығуға мүмкіндік туғызады.

Сондықтан тоғыз  жолдың  торабында  орналасқан,   тамаша табиғаты  бар  ауданымыз шағын  және  орта  бизнесті  дамытуға  ең  қолайлы  өңірлердің  бірі саналады.

Әсіресе, ауылшаруашылығы өнімдерін  өңдеу саласын  дамытуға  мүмкіндік  өте мол.

Сіздерді  өз  кәсіптеріңізді  бастауға  немесе  бизнестеріңізді кеңейтуге   шақырамыз. Біздің  тарапымыздан  заң  шеңберінде  нақты қолдау көрсетілетін болады.

Сіздер  үшін аптаның  кез -келген уақытында  аудан  әкімінің  есігі  ашық. Жаңа  жобаларыңызбен  сіздерді күтеміз.

Байланыс  телефондары: қабылдау  бөлмесі   87113691093

87113691262

87113692320  /факс/

Электрондық пошта:     Akimakzhaik@inbox.ru

 

Сіздерге  деген  зор  құрметпен,

аудан әкімі                                                        Ә.Жоламанов

  Наверх